• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Сайлау 20 Қараша, 2022

Қоғам белсенді болмай ел белеске шықпайды

414 рет
көрсетілді

Ардагер ұстаз, ақын, жұбантанушы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Үзілдік Елеубайқызы Орал қаласындағы №216 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады, деп жазады Egemen.kz.

«Менің елім – Қазақстанымның болашағы үшін ертемен тұрып, қос немеремді ертіп, отанымыздың жаңа президентін сайлауға дауыс беріп келдік. Менің ойымша, Қазақстан қоғамы тірі, ояу болу үшін әр азамат белсенді болуы керек. Саяси белсенділік ең алдымен осындай сайлау кезінде көрінеді. Біз өз таңдауымызды жасадық. Келешегіміз жарқын болады деген сенімім мол», дейді Үзілдік Елеубайқызы.