Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасында 100 жастағы қария Ізгілік Дабаев дауыс берді, деп жазады Egemen.kz.
Қазір ауруханада ем алып жатқан ақсақал сайлауда дауыс беруді өзінің азаматтық борышы деп санайды.
Аты аңызға айналған Ізгілік ата Ұлы Отан соғысына қатысып, Мәскеуден Берлинге дейін жеткен. Ол Бауыржан Момышұлы, Климент Ворошилов, Георгий Маленков, Джавахарла́л Нерумен кездескен.
Леонид Брежнев, Дінмұхаммед Қонаев секілді тұлғалармен бірге жұмыс істеген. КСРО Журналистер одағының мүшесі, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің марапаттау бөлімін басқарған.