Жаңаөзен қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инватакси қызметі қосылған. Бүгін І топтағы мүгедек Қуанбай Әжігереев өзі тіркелген № 76 сайлау учаскесіне инватаксимен келді, деп жазады Egemen.kz.
- Бүгінгі сайлау өте қарқынды өтуде. Мен жаңа ғана өзімнің сайлау учаскемде дауыс бердім. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға ешқандай кедергі жоқ, мені учаскеге дейін арнайы көлікпен алып келді. Кабина ыңғайлы. Көру қабілеті нашар адамдарға арналған үлкейткіш әйнек, зағиптарға арналған Брайль трафареті бар әрі іші кең. Өз арбаммен емін-еркін кіріп-шықтым. Сайлау учаскесінің қызметкерлері мені өте жақсы қарсы алды, - деді Қуанбай Әжігереев.