АСТАНА. 30 мамыр. Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының депутаты Антон Жарков бейсенбі күні Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы жөніндегі келісімшартқа қол қойылуы кеңестен кейінгі кеңістіктің дамуында әлемдік ауқымдағы жаңа ықпалды орталықтың пайда болуына апаратын қисынды қадам екенін атап өтті. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Парламентарий өз сөзінде жаңа мүше елдердің кірулеріне жол ашып қойған мұндай экономикалық құрылымның құрылуы посткеңестік кеңістіктегі экономикалық өзара байланыс дамуының қисынды қадамы ғана емес, сонымен бірге оның әріптестеріне тиімсіз ойын ережелерін ұсынуға әрекет етіпотырған Батыстың тірлігіне өзіндік бір жауап екеніне де назар аударды.
«ЕАЭО тез арада Батыс санасуға мәжбүр болатын күшке айналады, өз ішінде ғана емес, сонымен қатар Азия-Тынық мұхит аумағындағы әріптестерімен байланысты кеңейтуге бағыт ұстаған одақтың әлеуеті жақсы», - деген сөзді депутат сеніммен айтты.
«Кеңестік кезең кеңістігіндегі елдер көптеген жылдар бойы өз экономикасын Батыстағы әріптестері ұсынған ереже бойынша дамытып келді. Бірақ бұл ережелердің екі жаққа да тиімді емес екені айқын болып қалды. Сондықтан олардың арасында бір-бірлерімен адал бәсекелестік жағдайында бірігу, сол арқылы өз экономикасын жаңғырту мен өсуге қарай тарту жөнінде шешім қабылданды», - дегенді қосты Жарков.
Мұрат Айтқожа.
Дереккөз: РИА Новости
Фото: РИА «Новости». Михаил Климентьев.