• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қараша, 2022

Семейдегі сайлау учаскелерінде балалар бұрышы ұйымдастырылды

334 рет
көрсетілді

Бүгін Семей қаласындағы 44 мектептегі сайлау учаскелерінде балалар бұрышы ұйымдастырылды, деп хабарлады Egemen.kz.

«Біз өз сайлау учаскемізде балалар бұрышын ұйымдастырдық. Себебі ата-аналар дауыс беріп жатқанда, балалар ойыншықтармен ойнап, бақылауда болады. Осылайша, балалар ата-аналардың дауыс беруіне кедергі жасамайды. Сайлауда балалар ата-аналардың мазасын алған кездер болды. Осы себепті бізге балаларға арналған жеке ойын алаңын құру идеясы келді», деді сайлау учаскесінің төрағасы Оразбай Жұмағалиев.

Ойын аймағының ыңғайлылығын сайлаушылардың өздері де атап өтті.

«Бүгін баламмен бірге дауыс беруге келдім. Шынымен де балаларымен бірге келген сайлаушылар үшін өте қолайлы жағдайлар жасалған. Мұнда олар үшін жеке ойын орны ұйымдастырылған», деді сайлаушылардың бірі Құндыз Мұстафина.