Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Ақтерек ауылының тұрғыны, 102 жастағы кейуана кезектен тыс президент сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шамшабану Ақпарова өз ғұмырында елімізде өткен барлық сайлауларға қатысып, белсенділік танытқан адам. Бұл жолы да өз үрдісінен жаңылмай саяси науқанның ардагері атанып отыр.
«Халқымыз аман, еліміздің босағасы берік, жастарымыз аман болсын. Дүниежүзінде бейбітшілік заман бола берсін!», деді ғасыр жасаған қария.