• RUB:
    5
  • USD:
    442.84
  • EUR:
    480.97
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Қараша, 2022

Бейжіңдегі сайлау учаскесі жұмысын тоқтатты

296 рет
көрсетілді

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де (Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де) Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы елшілігі жанындағы №257 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бейжіңдегі №257 учаске жұмысын аяқтады. Күні бойына сайлаушылардың белсенді қатысуы байқалды. Осы күндері Бейжіңнің Чаоян ауданында енгізілген ковид шектеулеріне қарамастан, сайлауға сайлаушылардың қатысуы жоғары болды», деді Қазақстанның Қытайдағы өкілі Нұрлан Аққошқаров.

Сондай-ақ Шанхай және Гонконгтағы Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы бас консулдықтарындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Қазіргі уақытта дауыстар есептелуде.

Бүгін елімізде сағат 07:00-ден бастап ел президентіне дауыс беру басталды. Астана уақыты бойынша сағат 05:00-де (жергілікті уақыт бойынша 07:00) Бейжіңдегі Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы елшілігінде және Шанхай мен Гонконгтағы Қазақстан Республикасының Бас консулдықтарында құрылған сайлау учаскелері жұмыс істей бастады. Қазақстандық студенттер Бейжің мен Шанхайда өткен президенттік сайлауда дауыс берді.