Бүгін Бибігүл Төлегенова сайлау учаскесіне бара алмады. Оның орнына көшпелі сайлау комиссиясының мүшелері әйгілі тұлғаның үйіне дауыс беру жәшігін алып келді. Әртістің пікірінше, сайлау – бұл азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
«Меніңше, президенттікке өзін ұсыну – өте үлкен жауапкершілік. Біз егемен мемлекетпіз. Президент міндетіне әлемдік аренада біздің құқығымызды қорғау кіреді», деді Бибігүл Төлегенова.