Туризм • 30 Маусым, 2026
Алатау баурайындағы мұхит әлемі
Алматы қаласында туризм мен қоғамдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған екі ірі жоба мақұлданды. Олар – океанариум, амфитеатр және жасанды су арналары қарастырылған «Almaty Water Garden» кешені мен қаланың шығыс бөлігінде жүзеге асырылатын «Almaty Promenade» қоғамдық-рекреациялық кеңістігі.
Қоғам • 19 Маусым, 2026
Елдегі жылжымайтын мүлік нарығы өткен жылдан бері дағдарысты кезеңді бастан өткеріп жатқанымен, алдағы 3–5 жылда тұрғын үй бағасының қайта қымбаттауы әбден мүмкін. Сарапшылар мұндай болжамды халық санының өсуімен, урбанизация үдерісінің күшеюімен және 2008–2009 жылдары дүниеге келген буынның баспана сатып алу кезеңіне жақындауымен байланыстырады.
Жастар • 13 Маусым, 2026
Жастарды жігерлендіретін шаһар
Фестивальдар шаһарына айналып келе жатқан Алматыда жастардың белсенділігі жоғары. Бүгінде қалада олардың бастамаларын қолдайтын 11 комьюнити орталық жұмыс істейді. 25 мыңға жуық жұмыс орны ашылып, ғылыммен айналысатын жастарға 348 млн теңге көлемінде гранттық қолдау көрсетілген.
Өнер • 11 Маусым, 2026
Еліміздегі ең көне өнер ордасының бірі – Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры Румынияның Крайова қаласында өткен халықаралық «The Craiova International Shakespeare Festival» фестивалінде ересектерге арналған «Ромео мен Джульетта» спектаклін шетелде алғаш рет ана тілімізде сахналап, еуропалық көрермендердің жоғары бағасына ие болды.
Алматы • 10 Маусым, 2026
Алматы хайуанаттар бағының жануарлары төлдеп жатыр. Жыл басында Амур жолбарысы тапқан таутандарға алматылықтардың өзі жабылып ат қойған. Содан көп ұзамай үш бірдей кенгурудың төлі дүниеге келген еді. Енді, міне, хайуанаттар бағының аққол гиббондары мен сақиналы құйрықты лемурлары балалады.
Талбесік • 05 Маусым, 2026
Алматыда сирек өсімдіктер қоры жасалады
Алматының Ботаникалық бағы бұған дейін де кез келген жерден кездесе бермейтін сирек өсімдіктерге бай болатын. Алайда бақты қайта жаңарту жұмыстары оның тынысын ашып, бүгінде тұрғындар мен қала қонақтары жиі келетін тыныштық пен табиғат мекеніне айналып келеді.
Медицина • 04 Маусым, 2026
Анасы қызына бүйрегін берді: Алматыда 800-ші трансплантация сәтті жасалды
Еліміздің жетекші хирургиялық орталығында 800-ші рет бүйректі трансплантаттау операциясын сәтімен атқарды. Бұл операция отандық трансплантология саласындағы айтулы жетістік қана емес, Қазақстандағы жоғары технологиялық медициналық көмектің даму деңгейінің жоғары екенін кезекті рет дәлелдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 03 Маусым, 2026
Алматыдағы ғылыми-зерттеу институтында госпитальдық фармация бөлімі ашылды
Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында госпитальдық фармация бөлімі ашылып, елеулі іс-шараға С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов, Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Директорлар кеңесінің мүшелері бастаған мегаполистегі медицинаның белді өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Маусым, 2026
Замана бұлбұлы Бағланова тұрған үйге суреті салынды
Алматыда қаланың сәнін асырған әдемі мұралдар жеткілікті болса да, замана бұлбұлы, қайталанбас дарын, КСРО Халық әртісі, аты аңызға айналған әнші Роза Бағлановаға арналған мұрал мегаполиске ерекше әр беріп тұр.
Кино • 22 Мамыр, 2026
Ұлттық фильм мәртебесі: Мемлекет қандай бағыттағы туындыларды қаржыландыруға дайын?
Жұма күні Алматыда байқаудың алғашқы екі кезеңін еңсерген киножобалардың ашық қорғауы – питчингтің алғашқы күні басталды. Биыл байқаудың ақтық кезеңіне мемлекеттік қаржылай қолдауы мен ұлттық фильм мәртебесінен үмітті 95 киножоба қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.