
Білім • 11 Ақпан, 2022
Университеттегі наразылық неден туындады?
Жуырда Алматыдағы Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінің сырттай оқыту бөлімінде оқып жатқан студенттер наразылық акциясын өткізген еді. Бұған оқудың аяқ астынан дәстүрлі форматқа ауысуы мен оқу ақысының қымбаттауы себеп болды.
Коронавирус • 10 Ақпан, 2022
Алматыда 100 жастағы кейуана індеттен жазылып шықты
Алматы қаласындағы И.Жекенов атындағы клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына біздің ғасыр жасаған кейіпкеріміз 5 ақпан күні жөтелмен, ауыр халде түскен болатын. Дәрігерлердің айтуынша, әлі жоқ науқас бірден интенсивті терапия бөлімшесінде ем алып, денсаулығы жақсарған.
Медицина • 10 Ақпан, 2022
АИТВ-ны анықтауға жекеменшік лабораториялар неге таласады?
Осы уақытқа дейін елімізде АИТВ сияқты дауасы толық табылмаған жұқпалы дертті диагностикалауды тек мемлекеттік лабораториялар жүргізіп келді. Қазақстандағы жекеменшік лабораторияларға АИТВ-инфекциясын тексеруге рұқсат берілмеген. Соңғы күндері Денсаулық сақтау министрлігінің «ВИЧ-анализдерін» монополияландыруға қақысы бар ма деген сауал туындағандықтан, осының мән-жайын түсіндіруге тура келеді. Өйткені бірқатар үкіметтік емес ұйымдар аталған жағдайға ықпал етуді сұрап Президенттің атына, Парламент Мәжілісіне де хат жолдап отыр.
Бизнес • 10 Ақпан, 2022
Кәсіпкерлердің кезекті 39 өтініші мақұлданды
Үкіметтің жедел қабылдаған шараларының нәтижесінде, Алматы қалыпты тіршілігіне оралып келеді. Егер өткен аптада Алматыда 200-ден аса кәсіпкер қаңтарда көрген шығындары үшін өтемақы төлемдерін алса, ШОБ субъектілеріне келтірілген шығынды өтеу жөніндегі өңірлік комиссияның 6 ақпандағы отырысында жалпы сомасы 85,7 млн теңгені қажет ететін тағы 39 өтінім мақұлданды. Оның ішінде құны 8,4 млн теңге болатын 5 өтінім бюджет қаражатынан, 34 кәсіпкердің 77,3 млн теңге шығыны «Жаңа Алатау» қайырымдылық қоры арқылы өтелді.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2022
Алматыдағы Төтенше жағдайлар департаментінде 262 орын бос тұр
Биыл Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі жеке құрамының штаты ұлғайтылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ТЖД кадр саясаты басқармасының басшысы Сәуле Шакалова хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2022
Qolda 3.0 16 мыңнан аса адамға жедел көмек берді
Адам баласының еңсесін көтертпей тұрған пандемия мен беймаза әлемде болып жатқан ахуалдар әрбірімізге жылы сөзбен болса да демеу керек екенін көрсетіп отыр. Қазіргідей күйзелісті кезеңде қайырымдылық пен ізгілік, түсіністік танытудың құны өлшеусіз. Кейде кішкентай ғана көмек, болмашы оқиғалардың өзі бізді өмір сүруге құлшындырады.
Медицина • 08 Ақпан, 2022
Шамамен жыл сайын елімізде 36 мыңға жуық адамнан қатерлі ісік табылады. Бүгінгі таңда диспансерлік есепте 190 мыңнан аса адам тұр. Жыл сайын онкологиялық аурулардан шамамен 14 150 адам көз жұмады.
Қоғам • 07 Ақпан, 2022
Соңғы кезде БАҚ-та немесе блогерлердің жазбаларында «газлайтинг» және «абьюз» терминдері жиi пайдаланылады, бірақ оның мағынасын жазып отырғандардың өзі де толық түсіне бермейді.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2022
Цифрлы кеніш өндірісті басқару жүйесін ZIIoT платформасына көшірді
«Алтыналмас АК» АҚ ақпаннан бастап өндірісті басқару жүйесін «Цифра» ұсынған ZIIoT платформасына көшірді. Бұл компанияның 2017 жылдан бері жүзеге асырып келе жатқан «Цифрлы кеніш» бағдарламасының жалғасы десек те болады.
Аймақтар • 04 Ақпан, 2022
ХҚКО-да мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты мәселелер талқыланды
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Алматы қалалық филиалы Алмалы аудандық фронт-офисінде филиал басшылығы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мамандары және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен қоғамдық қабылдау өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.