Рекорд • 28 Наурыз, 2026
Алматының Орталық ипподромында қалалық Спорт басқармасы мен Ұлттық және ат спорты түрлерінің спорт клубы ұйымдастырған Наурыз мерекесін бөле-жарып айта кету керек.
Қоғам • 27 Наурыз, 2026
Көлік кептелісі шектен шықты: Әрбір жүргізуші жылына кемінде 50 сағат көшеде қаңтарылып тұрады
Бүгінде Алматының экологиясын бірінші кезекте көлік кептелісі ушықтырып тұр. Бұл мәселенің өзектілігі соншалық, халықтың зая кеткен уақыты мен денсаулығына тигізіп жатқан орасан зиянын есептеп шығу мүмкін емес.
Театр • 27 Наурыз, 2026
Жеті театрды жігерлендірген би
Биылғы Наурыз мейрамында Алматы театрлары «Қара жорға» биінің ырғағымен тоғысты. Алматының беткеұстар театрлары көктемнің келгенін әйгілейтін мереке қарсаңында бір үйдің баласындай «Қара жорға» биледі.
Медицина • 06 Наурыз, 2026
Неонатология бөлімшесінің оңалту жұмысы
Мемлекетіміз балаларға алғашқы деңгейде кешенді медициналық көмек көрсетуді дамытуға күш салып отыр. Соның бір дәлелі, былтыр шілде айынан бастап Медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарының 80%-ында педиатриялық бөлімшелер құрылды.
Театр • 28 Ақпан, 2026
Өнер айдынындағы «ең балаң ұжым» деп «Жаңа ғасыр» театрын айтар едік. Ашылғанына сегіз жыл ғана толды. Бірақ қазірдің өзінде театр қоржынында 8 қойылым болса, соның ішінде жастыққа тән романтикалық сарында қойылған М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясы, И.Штраустың «Жарқанат» комедиясы, С.Өтешев аударған И.Миччидің «Король Лев» музыкалық драмасы, Е.Ташкенбайдың «Соңғы қоңырау» атты поэтикалық драмасы, Н.Гогольдің «Вий», Ф.Фицджеральдтің «Гэтсби» драмалары, К.Гольдонидің «Айлакер жесір» комедиясы, Р.Томның «Сегіз әйел – ол жалғыз» музыкалық спектаклі бар.
Өнер • 27 Ақпан, 2026
Шынайы сезімнің шебері, барлық шығармасының дерлік бағы жанған, әлемдегі ең әйгілі композиторлардың бірі Джакомо Пуччинидің 100 жылдығына орай, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры опера, заманауи би, театр мен цирк өнерін бір сахнада тоғыстырған «Puccini Dance Circus Opera» спектаклін ұсынды.
Туризм • 25 Ақпан, 2026
Алматы тау кластерінің әлеуеті жоғары: Халықаралық мамандар пікірі бір арнада тоғысты
Кеше Алматыда Еуразиялық тау курорттары альянсының (ЕТКА) III фестивалі салтанатты түрде ашылып, апта соңына дейін жалғасатын халықаралық жиында «Almaty superski» тау-шаңғы курортының жобасы таныстырылды.
Қоғам • 14 Ақпан, 2026
Екі ойыншықтың бірі – жарамсыз әрі қауіпті
Былтыр ақпан айында алматылық хирургтер екі жасар баланың асқазанынан 105 магнитті моншақ алып, абсолютті рекорд жаңартқан еді. Өкінішке қарай, «сиқырлы» моншақтардың зардабын тартқандар мұнымен шектелмейді. Сапасыз әрі қауіпті ойыншықтар мәселесі әлі де күн тәртібінен түспей тұр.
Көрме • 06 Ақпан, 2026
Әкемтеатрдың айрықша жәдігерліктері
Алматыда алуан түрлі мәдени оқиғалар легі жүріп жатса да, ақпан айының соңына дейтін жалғасатын «Ғасыр жасаған ұлт театры» көрмесінің орны бөлек. Неге десеңіз, қазақтың тұңғыш кәсіби театры, өзге өнер сахналарына еншісін беріп, жеке шаңырақ ретінде бөліп шығарған М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры бұл күндері 100 жылдық мерейтойын ауқымды түрде атап өтіп жатыр.
Экология • 03 Ақпан, 2026
Түтінге тұншыққан шаһар: Мегаполистің экологиялық ахуалы қашан түзеледі?
Алматы – әлемдегі ең сұлу әрі ерекше шаһарлардың бірі екені даусыз. Егер сіз осы қаланың тұрғыны болсаңыз, әрі кетсе 20 минутта тау бөктеріне жетіп, табиғат аясында тыныстай аласыз. Мегаполистің тәжі іспетті Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ шыңы, аспанмен астасқан аспалы жолдар мен әсем курорттар... Төмен түссеңіз – тарихи театрлар, мұражайлар мен гүл көмкерген саябақтар көз қуантады. Өкінішке қарай, бүгінде осы сұлулықтың барлығын қою көк түтін көлегейлеп тұр.