Алматы • 26 Маусым, 2024
Алматы қаласына бертінде қосылған Алатау ауданының халқы бүгінде 60 мыңға жетіп жығылатын болса, ендігі жерде олар «Нұркент» шағын ауданында бір ауысымда 400 адам қабылдай алатын жекеменшік клиникада тегін медициналық көмек алатын болды.
Алматы • 21 Маусым, 2024
Алматыда қордаланған мәселе аз емес, өркениеттің жалына жармасып, дамыған мегаполистердің қатарына қосылу үшін әлі де талай шаруа атқарылуға тиіс. Соның бірі абаттанып үлгермеген аудандар болса, Наурызбай ауданындағы қараусыз қалған аумақта ойын және спорт алаңдары бар заманауи сквер бой көтергені жергілікті әлеуметтің көңіліне шуақ сеуіп, шын мәнінде өмірлерін өзгертті.
Кітапхана • 20 Маусым, 2024
Тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана
Егер оқырман есінде болса, былтыр маусым айында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін кітапханалар құру туралы бастама көтерген еді. Қазіргі таңда осынау ұсыныс Алматы сияқты үлкен шаһарда іске асып жатыр.
Алматы • 20 Маусым, 2024
Елдің де, ердің де өлшемі – еңбек
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші жиынында «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты қағидатын айқындап ұлт мәдениеті мен руханиятына қатысты дүниелерге кеңінен тоқталды. Әсіресе Президенттің кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, заманауи үлгідегі кітапханалар салу туралы бастама көтеруі бекер емес. Бала кезден көркем әдебиетпен сіңетін ізгілік пен адалдық, таза еңбек бүкіл өміріңе ілесе келе, абырой төріне шығаратыны даусыз.
Медицина • 14 Маусым, 2024
Қазақстанда фетальды хирургияның тұсауы кесілді
Қазақстан дәрігерлері алғаш рет балалардың мүгедек боп тууын азайту мақсатында құрсақішілік дамудағы ақауларын түзете бастады. Фетальды оталар әлі дүниеге келмеген нәрестенің денсаулығы мен өмірі туралы көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік беретін жағдайларда жасалады. Фетальды оталар балалардың мүгедек болып дүниеге келуін азайтуға септігін тигізеді.
Маман • 14 Маусым, 2024
Кейбір мекемелерде аса бір лауазымды қызмет атқармаса да, абырой-беделі сол ұжымның басшысынан кем емес мамандар бар. Ел-жұрттың, ұжымның сый-құрметіне бөленген сала майталмандарына әркез төрден орын табылады. Кәсібінің нәсібін көріп отырған жандармен Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының ұлттық госпиталіне барғанда жүздескен едік.
Денсаулық • 14 Маусым, 2024
Травматология саласындағы атап өтуге тұрарлық айрықша операцияны Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының хирургі Дәулет Чукманов атқарды. Мұны отандық медицинаның кезекті табысы деуге де болады.
Тәрбие • 12 Маусым, 2024
Күн сайын емес, тіпті сағат сайын да емес, сәт сайын Жер шарының тұрғындары тастайтын тұрмыстық қалдықтардың нақты есебі жоқ екені белгілі. Есесіне осы мәселені түпкілікті зерттеп жүрген мамандар әлем мұхиттарында 170 триллиондай пластик бөлшектері қалқып жүргенін мәлімдеген еді. Мәселен, дүниежүзінде 1950-жылдан бері жылдық пластик өндірісі 0 деңгейінде болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 335 миллион тоннаға дейін көтерілген.
Алматы • 11 Маусым, 2024
Дәл осы күндері әлемге әйгілі Netflix платформасы Қырғызстан мен Қазақстан елдерінің көрікті мекендеріндегі reality travel show түсірілімдерін аяқтап қалды. Netflix-тің осынау таңдауы – елдің танылуы мен туристік әлеуетін арттыруға ықпал ететін маңызды оқиға, тіпті олжа десе болады.
«Таза Қазақстан» • 11 Маусым, 2024
«Дала тазармай – сана тазармайды» деген осы, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ашылған алғашқы экохаб алматылықтарға қоқысқа лақтырылатын тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуды үйрете бастады десек те болады.