
Алматы • 17 Қаңтар, 2025
Суқараңғылық емделеді: Алматыда қазақ-неміс глаукома орталығы ашылды
Алматыдағы Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында қазақ-неміс глаукома орталығы салтанатты түрде ашылды. Жаңа орталықтың дүниеге келуі – адамның көру қабілетін білдірмей, біртіндеп ұрлайтын әрі бірінші кезекте соқырлыққа бастайтын суқараңғы кеселін емдеудегі халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды белесі.
Денсаулық • 15 Қаңтар, 2025
Үнемі шаршау синдромы: Себебі, салдары, алдын алу жолдары
Бел қайыстырған тұрмыстың талай тауқыметі техникаға артылып, жұрттың өзіне бөлетін уақыты көбейгенімен, жасына қарамай, қанша ұйықтаса да ұйқысы қанбайтын, әбден демалса да діңкелеп жүретіндер көбейді. Тіпті созылмалы әлсіздік балалар арасында да жиі кездесетіні байқалады. Әлбетте, бұл мәселеге әркімнің өз көзқарасы бар десек те, бітпейтін бір шаршаудың кілтипаны қайда, одан қалай құтылуға болады?
Басылым • 10 Қаңтар, 2025
Хакім Абайдың 175 жылдық торқалы тойы қарсаңында еліміздің шығысында «Абай әлемі» атты кітаптар топтамасы шыға бастаған еді. Бұрынғы Семей облысы данышпан ақын атымен қайта ашылғанда, бастама жалғасын қайыра тапқан болатын. Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаевтың қолдауымен былтыр аталған серия бойынша жиырма кітап жарық көрген. Оның бәрі Астанадағы «Фолиант» баспасынан басылып, өңір кітапханаларына таратылды.
Алматы • 20 Желтоқсан, 2024
Қашанда шаруасы шаш етектен болып жататын Алматы қаласының Мемлекет басшысының пәрменімен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясын атқаруда үздіксіз белсенділік танытқанын дәйектейтін тірлік көп. Тазалықты өнеге, әдетке айналдыру бастамасына қала билігі жастарды, танымал спорт саңлақтарын, өнер жұлдыздарын да тартып, тынымсыз жұмыс жасады.
Құқық • 18 Желтоқсан, 2024
Отбасындағы озбырлық: себебі, салдары, сабағы
Қоғам ізгілігінің өлшемі, өркениеттің нышаны, қала берді жай ғана адамдықтың белгісі – әйел баласына деген қамқорлық пен құрметтен көрінетінін бүгінгінің көзі ашық адамдарына айтып отырудың өзі әбестік. Өкінішке қарай, әлімжеттіктің тақсіретін тартып келе жатқандар жетіп артылады. «Өз үйіңнен жау шықса, қашатын жер табылмас» дегендей, тағдырдың азабы мен азарын өзгелерден емес, өз жақындарыңнан көруден асқан қасірет жоқ. Ал өтіп бара жатқан жылда қоғамды дүр сілкіндірген оқиғалар әлеуметке қаншалықты сабақ болды?
Өнер • 12 Желтоқсан, 2024
Татьяна ТАРСКАЯ: «Жолшыбай» рөлдер болған жоқ
Жаңа қойылымдарды жібермейтін алматылықтар үшін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Татьяна Тарскаяның есімі бөтен емес. Өнерде жолы болған, отандық сахнада өзіндік орны бар, талай актриса тек армандап өткен рөлдер бұйырған тұлғаны танымайтындар кемде-кем десек те болады.
Алматы • 12 Желтоқсан, 2024
Геопарк турист тартудың тетігіне айнала ма
Алматыда Жаһандық геопарктер жөніндегі Қазақстан Ұлттық комитеті мен ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының ұйымдастыруымен «ЮНЕСКО геопарктері тұрақты даму мен ынтымақтастық үшін» халықаралық геофорумы өтті.
Алматы • 06 Желтоқсан, 2024
Қара топырақты қусырған тас көшелер, сұлу Алатауды көлегейлеген зәулім ғимараттар, жасыл желектерді тықсырып бара жатқан заманауи Алматының келбетіне апорты қашан да керек. Оңтүстік шаһардың брендіне айналған алма сұрыбын селекциялық сапамен жаңғыртып, туризмнің басты нышаны ретінде келген-кеткен қонақтарға келісті етіп ұсыну көкейкестілігін жоймақ түгілі, бұрынғыдан да өзекті бола түсті.
Медицина • 04 Желтоқсан, 2024
Көру қабілетін сақтаудың бірегей әдісі
Алматыдағы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті клиникаларының базасында көздің трансплантологиялық операциялары қайта қолға алынды.
Алматы • 04 Желтоқсан, 2024
Сәуір айында Алматы қалалық мәслихатының кезектен тыс XVI сессиясында депутаттар қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау, тасымалдау, сұрыптау мен көму құны қанша тұратынын бағамдап, тарифтерін бекіткен еді.