Сұранысқа негізделген мұндай динамикалық баға белгілеу құралы әлемнің басқа курорттарында да бар. Өйткені, Regular Season арқылы келушілер легі реттеп, инфрақұрылымға түсетін салмақты азайтуға болады. Өз кезегінде бұл қызмет көрсету сапасын төмендетпестен, баға саясатын қайта қарауға, тиімдірек шарттар ұсынуға мүмкіндік береді.
«Біз үшін баға саясатының қонақтарға түсінікті әрі алдын ала жоспарлауға ыңғайлы болғаны керек. Сондықтан маусымдық, динамикалық баға белгілеу арқылы келушілер легін реттеп қана қоймай, таңдау мүмкіндігін береміз. Біреулер мерекелік қарбаласты ұнатса, енді біреулер сырғанау үшін жайлы, арзандай, тыныш мезгілді уақытты таңдай алады. Сондықтан маусымдарды High Season, Regular Season деп, және жылына екі рет келетінLow Season-ға бөлу осы мақсатта қарастырылған», дейді Shymbulak тау курортының клиенттік сервис және сапаны бақылау департаментінің басшысы Ольга Беляева.
Мәселен, Regular Season басталғанда ски-пасстар бағасы орта есеппен 13%-ға төмендейді. Сонымен қатар, High Season кезінде жеңілдік бағдарламалары қайта қосылады. Жұмыс күндері жасы келгенде зейнетке шыққандар (тек Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) мен мүгедектігі барлар растаушы құжаттарын көрсеткен жағдайда курортқа тегін кіре алады. Көпбалалы отбасылар, ардагерлер, еңбек өтілі бойынша зейнетке шыққандар мен басқа да әлеуметтік осал топ өкілдері жұмыс күндері билеттер мен ски-пасстарды жеңілдікпен ала алады.
Шымбұлақтағы мейрамханада болған жанжалға Алматы полициясы түсініктеме берді
Ал бес жасқа дейінгі балаларға курортқа кіру кез келген күні және кез келген маусымда тегін, ол үшін тек кассадан ски-пасс картасын сатып алып, оған нөлдік абонемент жүктеу жеткілікті.
«Regular Season кезінде жеңілдік бағдарламаларының қайта қосылуы – тау демалысын қарбалас маусымнан басқа кезде жұрттың бәріне қолжетімді болуын көздейді. Бірақ биылғы 1-11 қаңтар аралығындағы High Season кезінде біз көпбалалы отбасылар үшін жеңілдік тарифін сақтап қалдық. Жыл сайын Shymbulak әлеуметтік осал топқа жататын 190 мыңға жуық қонақ қабылдаса, бұл шамамен жалпы Шымбұлаққа шыққандардың – 20%-ы», дейді қонақтарға қамқорлық көрсету қызметінің басшысы Темірлан Жүсіп.
Сонымен Regular Season аяқталған соң Low Season басталады. Бұл кезде бағалар бұрынғыдан да төмен болады. Shymbulak-та тек толық күнге ғана емес, сонымен қатар таңғы, түстен кейінгі және түнгі тарифтер де қарастырылған. Бұл билеттер стандартты күндізгі ски-пассқа қарағанда арзан әрі демалысты уақытың пен физикалық мүмкіндігіңе қарай ыңғайлы жоспарлауға көмектеседі.
Ал шаңғы мен сноубордты енді үйреніп жүргендер үшін Shymbulak-тың арнайы «Бастаушы» тарифі бар. Ол ересектер мен балалардың алғашқы оқу беткейлерінде сырғанауына арналған. Бұл тариф бойынша трассалар саны шектеулі, бірақ бағасы стандартты ски-пасстан әлдеқайда арзан.
АЛМАТЫ