Аймақтар • Бүгін, 09:18

Замана бұлбұлы Бағланова тұрған үйге суреті салынды

1 мин
оқу үшін

Алматыда қаланың сәнін асырған әдемі мұралдар жеткілікті болса да, замана бұлбұлы, қайталанбас дарын, КСРО Халық әртісі, аты аңызға айналған әнші Роза Бағлановаға арналған мұрал мегаполиске ерекше әр беріп тұр.

Замана бұлбұлы Бағланова тұрған үйге суреті салынды

Өмірінің соңғы жылдарында әнші тұрған үйдің көркін келтіріп тұрған бұл сурет­тің маңыздылығы да сонда, көр­кем нысан тұрғындардың әкімдікке жаса­ған өтінішінің арқасында іске асқанын айта кету керек.

Біртуар өнер иесіне деген құрмет пен тағзым сынды туындыны жүзеге асыру жұмысына Роза Бағланованың келіні Марал Бағланова да қатысқан. Әнші өнерін бағалаушы зиялы қауым жобаны жүзеге асырған азаматтарға алғыс білдіріп отыр.

Осылайша, Халық әртісінің жарқын бейнесі енді ел жадында әрі ұлттық өнер тарихында ғана емес, Алматы қаласының сәулеттік келбетінде де мәңгілікке сақталмақ.

Мұралды әнші ғұмы­ры­ның соңғы жылдарының куәсі болған «Самал-3» шағынауда­нын­да­ғы 21-үйдің қабырғасынан көруге болады.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Сіз білесіз бе?..

Әдебиет • Бүгін, 09:56

Шәмілге арналған шумақтар

Әдебиет • Бүгін, 09:47

Жыр жанарындағы мөлдір тамшы

Әдебиет • Бүгін, 09:42

Түлектердің туған жерге тартуы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:40

Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?

Экология • Бүгін, 09:35

Бибісара көш бастап тұр

Шахмат • Бүгін, 09:31

Ақтоғай жарыққа жарымай отыр

Мәселе • Бүгін, 09:27

Арулар сайысы

Байқау • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:13