Әдебиет • Бүгін, 09:56

Сіз білесіз бе?..

5 мин
оқу үшін

Марина Цветаева алты жасынан бастап үш тілде: орыс, неміс, француз тілінде өлең жаза бастайды. Ол кезде орыс қоғамында француз тілінде сөйлеу аристократтықтың белгісі болатын. Әкесі Еуропада беделі бар өнертанушы, Пушкин музейінің негізін қалаған адам болыпты. Анасы Маринаның жан-жақты болуына ерекше көңіл бөлді, ол шет тілдерде еркін сөйлеп қана қойған жоқ, музыкамен де айналысты. Он бір жасында «Кітап үстелім» деген дастан жазды.

Сіз білесіз бе?..

Сан қырлы Цветаева

Көп тіл білген Марина бала жасынан мінезі еркін, тентек болып өседі. Темекі шегіп, шашын бояп, түнде зиратта қонып жүретін, революциялық идеяларға әуес еді. Он төрт жасында «еркін ойы мен өжеттігі үшін» гимназиядан шығарылды. Кейінгі оқу орнын­да да бір жылдан аз уақыт оқып шықты. Білімін тек үшінші гим­на­зиясында ғана аяқтай алды. Де­ген­мен оның мінезіндегі қыңырлық ақыл-парасатына еш әсер етпеген.

***   

Ақын көзі нашар көрсе де көзілдірік тағуды ұнатпаған. Анығында жараспайды деп есептеген. Әпкесі Анастасияның естеліктерінде Цветаеваның кейін көзілдіріктің орнына пенсне таққаны айтылады. Күйеуі Сергей Эфронмен түскен әйгілі фотосында да ол пенснемен бейнеленген. Уақыт өте келе одан да бас тартып, «әлемге көмескі күйінде қарағанды жөн көремін» деген екен.

***   

Цветаева опа-далап қолданба­ған деседі. Киім таңдауда да көбіне ер адамдардың костюм-пальтосын киген. Замандастары мұны сәнге қарсылық деп қабылдағанымен, шын мәнінде себебі басқа еді. Қызы Ариаднаның естеліктерін оқысақ, отбасының ауыр тұрмыстық жағ­дайы ақынға өз қалауынша киінуге мүмкіндік бермеген. Сондықтан ол өзгенің, әсіресе ер адамдардың киімін киюге мәжбүр болған.

Болмысы бөлек Ахматова

Әкесі Ахматованың ақындығын мойындамапты, тіпті пысқырып та қарамаған. Сондықтан қызына өз тегімен жарияланып, жұртқа масқара болмасын деп лақап атпен жазуын талап етеді. Сөйтіп, Ахматова арғы әжесінің тегін алады. Ал ақынның шын аты-жөні – Анна Горенко.

***

Ол тіл меңгеруге келгенде зерек болды. Бес жасында мұғалімнің балалармен сөйлескеніне қарап отырып, француз тілін үйреніпті.

2

***

Италиялық суретші Амедео Модильяни Ахматованы алғаш­қы көргенде-ақ ғашық болыпты. Олар Парижде бір жыл араласып, кейін мүлде кездеспеген. Сол сезімдердің ізімен суретші ақынның 16 картинасын салған. Алайда ол туындыларды Ахматова сақтай алмады: біреуінен басқасының бәрі өртеніп кеткен.

***

Ахматованы өте ырымшыл деседі. Мысалы, ол Гумилевтің үйленуге алғашқы ұсынысы кезінде жағалаудағы екі дельфиннің денесін көрген соң бас тартқан. Яғни бұл жақсылық нышаны емес деп білген. Сондай-ақ оны бала кезінде көбісі біртүрлі санаған. Өйткені ол томаға-тұйық, жалғыз өзі теңізге шомылып, жалаң аяқ көше кезіп жүре береді екен.

***

Ақын көп уақыт бойы НКВД-ның бақылауында болған. Био­граф­тардың айтуынша, оны жақын құрбысы, жазушы София Ос­тровская аңдыған. Ахматова бұл тосын оқиғадан, әрине, хабарсыз.

***

Өмір бойы алғаш жазған өлең­дерінен ұялыпты. Бұрынғы баллада, жарияланған, тіпті қай­та ба­сы­лып шыққан атақты шығар­мала­рын ол «бос қыздың кедей өлең­де­рі» деп атап, еске алғанды да ұнатпаған.

Даңқы асқан Горький

Алексей Максимович Пешков – Горькийдің шын аты-жөні.

***

Жасөспірім кезінде Горький кемеде ыдыс жуып, аяқкиім дүкенінде аяқкиім тасыған. Бұған қоса ол наубайшы, бағбан болып та жұмыс істепті.

***

Ол бір минутта төрт мың сөз оқыған.

***

Горький ешқашан ауырмаған деген де пікір бар. Ешқашан мас та болмапты.

3

***

Горький өлер алдында Сталин қасында отырып шампан ішкен.

***

Толстой Горькиймен сөйлес­кенде әдепсіз сөздер қолданыпты деседі.

***

Жазушы шетелде он сегіз жыл өмір сүрсе де, бірде-бір шет тілін толық меңгермеген.

***

Горькийдің тағы бір ерекше қыры – отқа деген әуестігі еді. Бала кезінен ол жанып жатқан затқа ұзақ қарап, оттың жалынына қызығатын болған.

***

Алексей Максимович тек жазушы ғана емес, жас таланттарға қамқорлық көрсеткен жанашыр­ ме­ценат та болды. Ол жас ақын­дар­ мен қаламгерлерге қол­дау біл­ді­ріп, олардың шығарма­шы­лық ­жол­да қалыптасуына көмек­тесті. Со­ның ішінде Влади­мир Мая­ков­ский мен Сергей Есе­нин се­­кілді дарын­ды тұлғалардың өне­рін ба­ға­лап, бағыт-бағдар берген.

Дайындаған –
Маржан ӘБІШ,
«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар

Сіз білесіз бе?..

Әдебиет • Бүгін, 09:56

Шәмілге арналған шумақтар

Әдебиет • Бүгін, 09:47

Жыр жанарындағы мөлдір тамшы

Әдебиет • Бүгін, 09:42

Түлектердің туған жерге тартуы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:40

Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?

Экология • Бүгін, 09:35

Бибісара көш бастап тұр

Шахмат • Бүгін, 09:31

Ақтоғай жарыққа жарымай отыр

Мәселе • Бүгін, 09:27

Арулар сайысы

Байқау • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:13