Еліміздің түкпір-түкпірінен келген арулар шығармашылық қабілетін, сахна мәдениетін және ұлттық өнерге деген қызығушылығын көрсетті. Байқаудың құрметті қонақтары мен қазылар алқасының құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қанат Айтбаев пен Света Айтбаева, тележүргізуші Динара Сәтжан, ақын Қалқаман Сарин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сержан Мұсайын, кәсіпкер Меруерт Ыбышева болды.
Қазақстанның Еңбек Ері, Халық әртісі Қайрат Байбосынов, Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешева, Парламент Мәжілісінің депутаттары Аманжол Әлтай, Қазыбек Әлішев, басқа да құрметті қонақтар қатысты.
Тағылымы мол шарада халықтың ыстық сүйіспеншілігіне бөленген Халық әртісі Меруерт Өтекешованы Жаңаарқа жұртшылығы айрықша құрметпен қарсы алды. Ұлттық дәстүрді ұстанған Арқа жұртшылғы ардақты өнер иесіне ақ боз ат мінгізіп, сый-құрмет көрсетті. Бұл көрініс көпшіліктің көңілінен шығып, байқаудың мазмұнын тереңдете түскен әсерлі сәттің біріне айналды.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Астана қаласының аруы Толғанай Наурызбай жеңіп алып,
1 500 000 теңгенің сертификаты табыс етілді. І орынды Қызылорда облысының аруы Бағдат Бақыт (1000 000 теңге), ІІ орынды Атырау облысының аруы Индира Мұқтар (500 000 теңге), ал ІІІ орынды Ақмола облысының аруы Айғаным Шақмұрай (35 0000 теңге) иеленді. Сонымен қатар «Көрермен көзайымы» аталымы мен барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлығы тарту етілді.
Байқаудың жоғары деңгейде өтуіне қолдау білдіріп, жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау қорын қалыптастыруға үлес қосқан азаматтарға ұйымдастырушылар ерекше алғыс білдірді.
Ұлттық құндылықты ұлықтап, қазақ қызының парасаты мен көркем болмысын дәріптеген тағылымды жобаның авторы әрі продюсері Ләззат Нұрланқызы.
Ұлытау облысы