• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Сайлау 20 Қараша, 2022

8 миллионнан астам адам сайлауда дауыс берді

191 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясы 20:00-дегі жағдай бойынша сайлау учаскелеріндегі азаматтардың белсенділігі жайлы ақпаратты жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ОСК мүшесі Мұхтар Ерман облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың комиссиялары ұсынған деректерді атады. Осылайша, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша барлығы 8 млн 282 мың 607 азамат дауыс берді. Бұл тізімдегі барлық азаматтардың 69,31 пайызын құрайды.

Өңірлер бойынша дауыс берушілер көрсеткіші төмендегідей:

Абай облысы бойынша – 80,18% Ақмола облысы бойынша – 78,87% Ақтөбе облысы бойынша – 72,20% Алматы облысы бойынша – 72,10% Атырау облысы бойынша –  70,87% Батыс Қазақстан облысы бойынша – 67,77% Жамбыл облысы бойынша – 79,57% Жетісу облысы бойынша – 81,43% Қарағанды облысы бойынша – 78,39% Қостанай облысы бойынша –  79,28% Қызылорда облысы бойынша – 80,31% Маңғыстау облысы бойынша – 66,18% Павлодар облысы бойынша –  77,58% Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 78,24% Түркістан облысы бойынша – 80,37% Ұлытау облысы бойынша – 75,48% Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49% Астана қаласы бойынша – 48,67% Алматы қаласы бойынша – 28,72% Шымкент қаласы бойынша – 59,79% 

Келесі жедел ақпарат 22:05-те жарияланады.