• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
30 Мамыр, 2014

Еуразиялық экономикалық одақ – посткеңестік кезеңдегі іргелі бетбұрыс

292 рет
көрсетілді

АСТАНА. 30 мамыр. Ресей Мемлекеттік думасының спикері Сергей Нарышкин Еуразиялық экономикалық одақтың посткеңестік кезең тарихындағы үлкен бір бетбұрысты қадам болып табылатынын айтты. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. Бұдан бұрын мәлім етілгендей, Ресей, Беларусь және Қазақстан мемлекеттерінің Президенттері кеше, бейсенбі күні Астанада 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске кірісетін ЕАЭО (Еуразиялық экономикалық одақ) құру жөніндегі келісімге қол қойды. Осылайша, 170 миллион адамы бар ТМД кеңістігінде дамудың жаңа қуатты экономикалық орталығына айналатын аса ірі жалпы нарық қалыптастыру аяқталып келеді. «Астанада Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі келісімге қол қойылуын ешбір асырып айтпай-ақ оның посткеңестік кезең тарихындағы ең бір шешуші қадам болып отырғанын атап өтуге болады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл идеясы арада 20 жыл өткенде нақтылы құқықтық пішінге енгелі тұр», - деді Нарышкин журналистерге. «Әлем рыногында қалыптасып отырған күрделі ахуалды ескере келгенде, аталмыш шешімнің Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің дами түсулеріне жаңа мүмкіндіктер алып беретініне сенімдімін», - деп атап өтті ол. Мемлекеттік думаның төрағасы сонымен бірге өз кезегінде үш ел парламентінің Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберіндегі заңнамалардың үйлесімді жұмыс жасауларына айтарлықтай үлес қосқандарын да айтып өтті. «Бұл жұмыстар, сөз жоқ, жалғасын табатын болады», - деді спикер соңында. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: РИА «Новости». Фото: РИА «Новости». Михаил Климентьев.