Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы табиғи өрт кезінде зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді салуға белсенді қатысқандарды наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
«Құрмет» орденімен: 1) Ибраимов Дәулет Дулатұлы - «Строй Элит Дом» ЖШС байқаушы кеңесінің төрағасы; 2) Қарамакин Бауыржан Сәбитұлы – «СК КВS» ЖШС директоры;3) Орымбаев Нұрлан Бахытжанұлы - «Рудныйсоколовстрой» АҚ бас директоры. III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен: 1) Владимирова Оксана Рашитовна - «Рудныйсоколовстрой» АҚ «Отделстрой» ҚБ аға прорабы;2) Жақсалықов Олжабай Баймендіұлы - «БК-Строй ЖШС тас қалаушысы. «Ерен еңбегі үшін» медалімен:1) Арыққұлов Ерболат Болатұлы - «Строй Элит Дом» ЖШС бригадирі;2) Әбдіков Дархан Жәнібекұлы - «Алюминстрой» ЖШС директорының орынбасары; 3) Бекжанов Тайыр Ренатұлы - «Алия-Сервис» ЖШС филиалының директоры; 4) Бораш Әбдірахман Әбдіхалықұлы - «Парасат Строй Проект» ЖШС директоры;5) Ким Сергей Романович – «БК-Стройпром» ЖШС директоры.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.