• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Теннис 21 Қараша, 2022

Қазақстандық теннисшілердің WTA рейтингіндегі орындары белгілі болды

254 рет
көрсетілді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) спортшыларының жеке және жұптық сындағы рейтингтерінің жаңартылған нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

Әлемнің бірінші ракеткасы атағын польшалық Ига Свиатек, екінші орынды Тунис өкілі Онс Жабер, үшінші орынды америкалық Джессика Пегула сақтап қалды.

Қазақстандық Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева жекелей рейтингте позицияларын өзгертпей, сәйкесінше 22 және 52-орындарда қалды.

Жұптық сында чех теннисшісі Катерина Синякова әзірше көш бастап тұрса, ресейлік Вероника Кудерметова және Чехиядан келген тағы бір спортшы Барбора Крейчикова үшінші орында.

Қазақстанның жұптық бірінші ракеткасы Анна Данилина 11-ші қатарды сақтап қалды. Жібек Құламбаева бір сатыға көтеріліп, 203-орынға көтерілді.

Соңғы жаңалықтар