Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі жұмысын аяқтады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Сыртқы саясат ведомствосы нақтыланғандай, Сан-Францискода соңғы сайлау учаскесі жұмысын аяқтады.
«Сайлаушылардың келуі 100%-ды құрады», делінген хабарламада.Еске сала кетсек, 2022 жылдың 20 қарашасында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Қазақстандағы алғашқы сайлау учаскелері таңғы 6:00-ден бастап ашылды.
Exit poll нәтижелері бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда 82,02% дауыс жинаған.