Бүгін Крит аралының жағалауында 6 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы жазғандай, жер сілкінісінің ошағы Ираклионнан солтүстік-шығысқа қарай 129 шақырым жерде орналасқан, онда шамамен 137 мың адам тұрады. Жер сілкінісінің ошағы 80 км тереңдікте жатыр.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Айта кетсек, Грекия - Еуропа континентіндегі сейсмикалық белсенді елдердің бірі болып саналады.