Шетелде жүрген отандастарымыз да саяси науқаннан тыс қалған жоқ. Бұл орайда, Сыртқы істер министрлігі қорытынды деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомство шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмыстарын аяқтағанын нақтылады.
«Шетелде ашылған сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасының 11 360 азаматы дауыс берді, бұл дауыс берушілердің 88,47%-ын құрады», делінген СІМ хабарламасында.
Еске сала кетсек, кеше Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан 68 учаскелік сайлау комиссиясы ашылған еді.