• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 21 Қараша, 2022

Қазақстанда 28 градусқа дейін аяз болады

487 рет
көрсетілді

Қазгидромет 22-24 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің мәліметіне сәйкес, елімізде жел күшейіп, көктайғақ, тұман болады. Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын соғады.

«Түнде солтүстікте, шығыста және орталықта ауа температурасы 17-28 аязға дейін төмендейді», делінген хабарламада.

Болжам бойынша алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын түседі. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауады.

22-24 қарашада республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі.

23 қарашада шығыста қалың қар жауады.