22-23 қарашада Астанада Сирия бойынша кезекті 19-шы халықаралық кездесу өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Келіссөздерге Ресей, Түркия, Иран, Сирия Үкіметі мен Сирия оппозициясының делегациялары қатысады. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирак өкілдері келеді деп күтілуде», деді СІМ ресми өкілі А.Смадияров.
Ресей делегациясын Ресей Федерациясы президентінің Сирияны реттеу жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясын – СІМ Бас директоры Унал Сельчук, Иран делагациясын – Сыртқы істер министрінің аға көмекшісі Хаджи Али Асгар, Сирия Үкіметінің делегациясын – Сыртқы істер министрінің орынбасары Мухаммед Айман Сусан, Сирия оппозициясының делегациясын Ахмад Тома басқарады.