• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Сайлау 22 Қараша, 2022

Халықаралық міндеттемелерге сай

159 рет
көрсетілді

Шетелден келген байқаушылар кезектен тыс президент сайлауында сайлаудың легитимділігіне күмән келтіретіндей заңсыздық тіркелмегенін мәлімдеді.

Шанхай ынтымақтастық ұйы­мының бас хатшысы Чжан Мин Орталық сайлау комис­сия­сы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялағаннан кейін миссияның жұмысын түйіндеді. Бас хатшының айтуынша, 17-20 қараша аралығында ШЫҰ миссиясы кезектен тыс пре­зидент сайлауында байқаушы миссиясын атқарған. Құрамына 18 байқаушы тіркелген деле­га­­­цияға 7 мемлекеттің, ШЫҰ-ның хатшылық өкілдері, өңірлік құ­рылымдарының өкілдері кі­ріп­ті.

«ШЫҰ өкілдерінің бай­қауы Астана қаласы мен Ақ­мо­ла облысының аумағында 22 учас­кені қамтыды. Миссия мүшелері бюллетеньдер дайындау, дауыс беру жәшіктерін пломбалау про­цестеріне қатысты. Сондай-ақ сайлау комиссияларының мүше­лерімен, сайлаушылар­мен, әлеуметтік байқаушы­лар­мен кең ауқымда ашық сұхбат құрдық. Осы процесс ке­зінде сайлау өткізуге дайын­дық тәртіппен, жақсы ұйымдас­ты­рылғанын тіркедік. Бәрі қалыпты жағдайда, тәртіпке сай өтті. Екіншіден, бүкіл сайлаушылар үлкен белсенділік танытты», деді Чжан Мин.

Оның айтуынша, дауыс беру ресімін жүзеге асыруға бүкіл жағдай жасалған. «Егде жастағы азаматтар мен мүм­кіндігі бар жандарға арнайы жағдай жасалды. Сайлау комис­сияларының өкілдері дауыс берушілер қойған сұрақ­тарға толыққанды жауап бе­ріп жатты. Сондай-ақ бай­қаушылар тарапынан сұрақ­тарға түсініктеме берді. Мен бүкіл сайлау учаскесіне кір­ген кезде өз құжатымды көр­сетуге тура келгенін атап өтуім керек», деген ШЫҰ бас хат­шысы сайлау учаскелерінде байқау жүргізу кезінде бірде-бір кедергіге тап келмегенін ерекше атады.

– Қазақстан тарапы сайлау процесіне бақылау жүр­гі­зуге қажетті бүкіл жағ­дайды жасады деп айтуға бо­лады. Сондай-ақ аталған сай­лау­дың ашықтығы байқалып тұрды. Бұл қорытындылардың бәрін біздің миссия мүшелері жеке байқаулары негізінде шығар­ды. Ұлттық заңнаманың сайлау ле­гитимділігіне күмән келтіре­тіндей бұзылуын біздің миссия тіркеген жоқ. Бізге ешқандай шағым немесе ескерту түспеді. Жеке байқауымыз негізінде миссия бұл сайлауды ашық, сенімді әрі демократиялық деп таниды. Қазақстан Президентінің сайлауы Қазақстандағы сайлау елдің өзі қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сай өтті, – деді Чжан Мин.