Елордада 24 қараша күні сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін бос жұмыс орындарына арналған жалпықалалық жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке елордада жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында үнемі өткізіліп тұрады. Оған 50-ден астам жұмыс беруші қатысады.
Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» МКҚК Республика даңғылы, 34 мекенжайында өтеді.