• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қараша, 2022

Қытай компаниясы Қазақстанда жел станциясын салады

446 рет
көрсетілді

2022 жылдың 22 қарашасында қуаты 50 МВт жел электр станцияларын іріктеу бойынша ҚР Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің солтүстік аймағы үшін жаңартылатын энергия көздері бойынша онлайн-аукцион өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Аукциондық сауда-саттыққа 10 компания қатысты. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2022 жылы 21,53 тг/кВтсағатты құрады.

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,53-тен 12,99 тг/кВтсағатты құрады.

Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, 14,51 тг/кВтсағатты  аукциондық бағасымен «Next Green Energy» ЖШС (ҚХР) анықталды.

«Аукциондық баға 39,7%-ға төмендеді, бұл жақсы нәтиже. Аукциондық сауда-саттық неғұрлым тиімді жобаларды іріктеуге және ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясына нарықтық бәсекелестік бағаларды қалыптастыруға бағытталған. Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Ecojer» ЗТБ, «KazEnergy» ЗТБ, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, Qazaq Green қауымдастығы және «ЭЭҚРҚО» АҚ өкілдері қатысты. Байқаушылар аукциондық сауда-саттықтардың бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілуін атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «ЭЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады», делінген ведомство хабарламасында.