• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қараша, 2022

Республикалық күре жолдарға 3,4 млн тонна асфальт төселді

270 рет
көрсетілді

Қазір Қазақстанда жалпы ұзындығы 7 мыңдай шақырым республикалық маңызды автожолдардың 200-ге жуық учаскесінде жол салу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның ішінде 4 мың шақырымдай жерде жаңғырту жұмыстары, қалған 3 мың шақырымында жоспарлы жөндеу (орташа және күрделі) жұмыстары іске асырылып келеді.

Аталған жұмыс Қарағанды – Балқаш – Алматы, Мерке – Бурылбайтал, Талдықорған – Қалбатау – Өскемен, Қалбатау – Майқапшағай, Атырау – Астрахань,  Ақтөбе – Қандыағаш, Өнеге – Бисен – Сайхин және басқа да трассаларда қолға алынған.

Бір маусымда республикалық автожолдарға 3,5 млн тонна асфальт төселді. Мәселен, маусым айынан бастап Қарағанды – Балқаш тас жолының 128 шақырымдай жеріне жаңа жол жабыны салынды. Құрылыс-монтаж жұмыстарымен 8 учаске қамтылды. Қазір 363 шақырымның 281 шақырым жерінде жол қозғалысы қамтамасыз етілген. Бұған дейін айналма жолдардың жалпы ұзындығы 148 шақырымды құраса, қазір 4 шақырым ғана.

Сонымен қатар Қызылқой мен Нұраталды ауылдары арасындағы күрделі учаскеде екі жолақты жол қозғалысы ашылды.