Қазақ еліне жасаған сапары кезінде Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүл Астанадағы “Нұр-орда” халықаралық қазақ-түрік лицейінде болып, ұстаздармен, оқушылармен жүздесті.
Заман талабына сай салынып, оқушыларға жан-жақты білім, үлгі-өнеге көрсетіп отырған білім ұясымен мектеп директоры Садретден Челик таныстырды.
Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүл кездесу кезінде біздің Отанымызда қызмет жасап жатқан қазақ-түрік лицейлерінің жұмысына дән ризалығын білдіріп, бұл білім ұялары екі ел арасына дәнекер болып отырғанын алға тартты. Әр келген кезінде гүлденген Астананың әдемі келбетіне куә болып жүргенін, Арқа төсіндегі әдемі қала Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қолтаңбасы екенін атап өтті. Ол сонымен бірге, бауырлас екі халық арасындағы достық пен ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғаса беретінін, оның ұйытқысы бүгінгі ұрпақ болатынын тілге тиек етті.
Сүлеймен МӘМЕТ.