• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Қараша, 2022

Қаржы пирамидасын ұйымдастырған ақмолалық сотталды

282 рет
көрсетілді

Ақмола облысының 2 мыңнан астам тұрғыны қаржы пирамидасы арқылы қаржысынан қағылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысы бойынша АФМ департаменті «River Coins Limited» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын аяқтады.

Ұзақ уақыт бойы желілік маркетингте жұмыс істеген Г.У.Оралбаева қаржы пирамидасының жүйесін пайдаланып, жеке тұлғалардың ақшасын жымқырғаны анықталды.

Г.У.Оралбаеваның «River Coins Limited» қаржы пирамидасын құру және басқару жөніндегі құқыққа қайшы қызметінің нәтижесінде 2000-нан астам жеке тұлға зардап шекті. Келтірілген залал сомасы 18 млн теңгеден асады.

Сот Оралбаеваны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.