• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 24 Қараша, 2022

Елордалықтар тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды

319 рет
көрсетілді

Астана қаласында 971 875 тегін рецепт бойынша 187 530 науқас дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

2022 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша елорданың 187 530 тұрғыны 13 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды.

«Оның ішінде МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтылған балалар: жіті респираторлық инфекциямен – жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 2 107 бала және  төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 6 136  бала; теміржетіспеушілігі анемиясымен - 972 бала; пневмониямен 1583 бала; синуситпен/бадамша безі (миндалин) және аденоид ауруларымен 444 бала, т.б.», деп түсіндірді ӘМСҚ елорда филиалының директоры Н.Қабдықапаров.

Амбулаториялық қамтамасыз ету бұйрығына сәйкес, емхана дәріханаларында МӘМС жүйесінде тегін берілетін барлық (антибиотиктер, ыстық түсіретін препараттар, темірқұрамды препараттар, сондай-ақ басқа да спецефикалық препараттар және т.б.) қажетті дәрілер бар.