2022 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Португалия мен Гана арасындағы ойын аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тартысты өткен кездесуде еуропалық команда 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Кездесудің 65-минутында Криштиану Роналду пенальтиді орындады. Ганалық қақпашыны қапы қалдырған португалиялық футболшы әлем чемпионаттарындағы сегізінші голын соқты. Есеп – 1:0.
73-минутта ганалық Андре Айю есепті теңестірді. Бұдан кейін португалиялық ойыншылар үш минуттың ішінде екі гол соғып үлгерді. Атап айтқанда, Хуан Феликс 78-минутта, Рафаэль Леао 80-ші минутта қарсылас қақпасынан саңылау тапты.
Дегенмен Гана кездесуде есеп айырмасын қысқартты. 89-минутта Осман Букари гол соғып, құрамасына үміт сыйлады.
Соңғы минуттарда қос құрамада да гол салатын мүмкіндіктер болды. Бірақ таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.