«El Media» реадакциясына кіретін терезелерді сындырған бұзақылар ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қаласының полиция департаменті, аталған заңсыз әрекетті жасады деген күдікпен екі адамды ұстады. Олар - Алматы қаласының тұрғыны З.есімді азамат және Тараздық Г.есімді азамат. Екеуі де 18 жаста.
«Күдіктілердің әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы – ұсақ бұзақылық бойынша сараланған. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі. Ұсталғандар жасаған әрекеттерін мойындады. Істің басқа да мән-жайлары анықталуда», делінген хабарламада.