• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Маусым, 2014

Бүгін елімізде мектеп бітіруші түлектер арасында ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

339 рет
көрсетілді

АСТАНА. 2 маусым. Биыл елімізде 92 мыңнан астам мектеп бітіруші түлек ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, бақ сынайды. Оларға шамамен 34 мың мемлекеттік грант бөлініп отыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың айтуынша, бөлініп отырған гранттың 12 мыңы техникалық, 5 мыңға жуығы педагогикалық, 2600-і ауыл шаруашылығы мамандықтарына беріледі. Жас талапкер ұлттық жоғары оқу орнына түсу үшін 70, аграрлық универсиеттерге 60, ал қалған оқу орындарына 50-ден жоғары балл жинауы керек. Қазір белгілі болып отырғандай, білім гранты оқу орнына емес, талапкерге тікелей беріледі. Ал шекті бал өзгеріссіз қалдырылды. Министрдің сөзіне қарағанда,  биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілген жаңа сұрақтар сапалы көрінеді. Аслан Сәрінжіпов: «Біз жыл сайын қолданылатын 50 мың сауалдың 14 мыңын жаңарттық. Жыл сайын аппеляцияның жұмыс істейтіні белгілі. Барлық комиссия ақпаратты жинап Білім және ғылым министрлігіне жолдайды. Біз оны сараптай келіп, жыл сайынғы сауалдарға өзгеріс енгіземіз», – деді. Еліміз бойынша ұлттық бірыңғай тестілеу 155 орында тапсырылады. Ал  «Алтын белгіге» ұсынылған 4491 бітіруші түлек бар. Олар өздерінің білімдерінің жоғары деңгейде екенін осы тестілеуде дәлелдеп шығулары тиіс. Жолдыбай Базар. Дереккөз: egemen.kz Фото: Alashainasy.kz.