Алматы облысында 23 қараша күні сағат 15:00 шамасында Алматы-Кеген-ТЮП тас жолында Toyota көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Mitsubishi көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы облыстық полиция департаменті Toyota көлігінің 50 жастағы жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмғанын хабарлады.
Mitsubishi көлігінің төрт жолаушысы түрлі жарақаттармен Есік қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.
«Аталған жол апаты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша «Автокөлікті басқарған адамның екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бойынша тіркелді», деді Алматы облысы полиция департаментінің орынбасары Рустам Әбдірахманов.
Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру Алматы облысы бойынша анықтау департаментінің тергеушілеріне жүктелген.