• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Маусым, 2014

Әлемнің 40 елі Кедендік одаққа кіруге ынталы

249 рет
көрсетілді

АСТАНА. 2 маусым. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы еркін сауда айналымына әлемнің 40 мемлекеті енгісі келеді. Еуразиялық интеграция институының директоры Жанаргүл Құсманғалиева Осылай деді. Бұл туралы еgemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл 40 елдің арасында Түркия, Үндістан, Жаңа Зеландия, Вьетнам сынды іргелі мемлекеттер бар. Одаққа алдағы уақытта Армения бірінші болып қабылдануы мүмкін. Сондай-ақ, Қырғызстан да Арменияның ізімен жүргісі келетінін білдіруде. Бүгінде экономика саласының білгірлері, бұл бірлестіктің көптеген түйткілдерді шешуге мұрындық болатынын айтуда. Олардың сөзіне қарағанда, көптеген мәселелерді шешуге интеграциялық тенденциялар жетіспеуде. Енді бұл олқылықтың орнын Еуразиялық экономикалық одақ толтырмақ. Ал еуразиялық интеграцияның әлеуеті өзінің мойнына артылған жауапкершілік жүгін толықтай көтере алады. Жолдыбай Базар. Дереккөз: еgemen.kz. Фото: minplan.gov.kz.