• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Қараша, 2022

Тоқаев: Азаматтардың игілігі үшін барлық жағдай жасалады

281 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біз халықтың тілегі мен заман талабына сай тиімді мемлекет құруға міндеттіміз. Бұл – маңызды тарихи міндет. Мемлекеттік қызметке нақты сектордан меритократия және ашық бәсекелестік қағидаттарына сай іріктеуден өткен жаңа басқарушы азаматтарды аламыз. Президенттік кадр резервінің мүшелерін белсенді түрде тартамыз», деді Президент.

Осы ретте ол елдің басты байлығы адам екенін еске салды. Сондықтан азаматтардың игілігі үшін барлық жағдай жасалатынын айтты.

«Еліміз даму жолында, негізінен, өз күшіне сенеді. Сонымен қатар шетелден тікелей инвестиция тарта отырып, түрлі саладағы халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытады», деді Қ.Тоқаев.