АСТАНА. 2 маусым. Ресей Ғылым академиясы Посткеңестік елдер орталығының посткеңестік елдерді экономикалық дамыту секторының басшысы Елена Кузьмина Еуразиялық экономикалық одақ Вьетнам мемлекетімен еркін сауда аймағын құру жөнінде келісімге келу үстінде деп мәлімдеді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады
Елена Кузьмина: «Кез-келген елдердің одағына кіруге шекаралар ашық. Еркін сауда аймағы туралы келісім – өте тиімді жол. Осындай келісімнің бірі Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам арасында жүргізілуде. Өзара келісімге келу ісі аяқталуға жақын», – деді. Сондай-ақ, ол Еуразиялық экономикалық одақ дамыған сайын, оған қызығатындар қатары көбейетінін атап өтті.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: primeminister.kz.
Фото: primeminister.kz.