• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Қараша, 2022

Иран парламенті ШЫҰ-ға қосылуды мақұлдады

172 рет
көрсетілді

Иран парламенті елдің Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) қосылуы туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz Tasnim ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Парламенттің ашық отырысында ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының Иран үкіметінің ШЫҰ-ға қосылуы туралы заң жобасы қаралды. 

Құжатты қабылдауға 205 депутат дауыс берді. 

Парламенттік комиссияда түсіндіргендей, Иран ШЫҰ-ға кіру үшін ұйым құрылғаннан бері бекітілген құжаттарды қабылдауы керек. 

Айта кетейік, ШЫҰ – 2001 жылы 15 маусымда Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары құрған халықаралық ұйым. Одан кейін Үндістан мен Пәкістан ШЫҰ-ға қосылып, 2021 жылдың ортасында ШЫҰ басшылары Душанбеде өткен саммитте Иранның ұйымға толыққанды мүшелікке қабылдануын мақұлдады.