ICE биржасында Brent маркалы мұнай фьючерстің құны 2022 жылғы 11 қаңтардан бастап алғаш рет барреліне 82 доллардан төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Осылайша, Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 81,41 долларға дейін төмендеді.
Сонымен бірге, WTI маркалы мұнай фьючерстері 3,00%-ға, яғни барреліне 73,9 долларға дейін арзандаған.