• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қараша, 2022

Жұмыссыз жастарға өзін-өзі дамыту курсы өтті

364 рет
көрсетілді

Курсқа қатысушы жастар психологиялық дағдыларды үйренді, деп жазады Egemen.kz.

Белгілі психолог Жарас Сейітнұр өткізген жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсыры аясында, «Адырна» және «Ақ тілек» қоғамдық қорының серіктестігінің ұйымдастыруымен өтті. Шараға жұмыссыз жастар, бітіруші студенттер қатысты.

Күн тәртібінде жастардың жұмыс және оқуға келгенде белсенділік танытпау себептерін анықтау, жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлері, еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, жастарының қордаланған мәселелері тақырыптары қозғалды.

Іс-шара спикерлері «Адырна» ҰЭБ» ҚҚ және кәсіп пен оқуда жетістікке жеткен, еңбекқор Қазақстанға белгілі тұлғалары мансап және жеке өсу үшін өмірлік дағдыларды дамытудағы тәжірибелерін бөлісті.

Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар жайы да сөз болды.

Соңғы жаңалықтар