• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Қараша, 2022

Алан Құрманғалиев Португалияда чемпион атанды

208 рет
көрсетілді

Португалияның Вила-Нова-ди-Гая қаласында WTT Youth Star Contender-2022 халықаралық үстел теннисі турнирі аяқталды. Аталған жарыстың бас жүлдесін Қарағанды теннис мектебінің тәрбиеленушісі Алан Құрманғалиев жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҰОК баспасөз қызметі мәлім еткендей, Эльмира Әлиеваның шәкірті Португалияда өткен жарыста топ жарып, алтын медаль иеленді.

Чемпиондық атаққа жету жолында жас теннисші Израиль өкілі Натанель Абрамовты - 3:0,  Франция спортшысы Натан Артур Пилардты - 3:0, Тунистен келген Вассим Эссидті - 3:2, румыниялық Рарес Куесдинді  - 3:2 және австралиялық Адитя Саринаны - 3:2 есебімен жеңді.