ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Қайрат Қожамжаров пен Мұхтар Жұмағазиев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының күзгі отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенаторлар басқа елдерден келген әріптестерімен бірге қақтығыстар жағдайындағы негізгі құқықтар мен бостандықты қорғау мәселелерін талқылады.
Парламенттік Ассамблеяға қатысушы елдердің парламентшілері шара барысында ЕҚЫҰ мен ұлттық парламенттердің қақтығыстарды реттеудегі рөліне қатысты мәселелерді де айтты.