• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 28 Қараша, 2022

Жалған меданықтама сатқан орталықтар анықталып, басшылары ұсталды

230 рет
көрсетілді

Елордада жалған анықтамалар сатқаны үшін медициналық орталықтардың екі басшысы ұсталды. Клиенттер Көлік құралдарын басқаруға жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтамаларға тапсырыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы ІІМ-нің Polisia.kz порталы хабар таратты. 

Іс-шаралар кешені барысында Астана полицейлері алдын ала сөз байласу бойынша жалған медициналық анықтамаларды өткізу арнасын ұйымдастырған ЖШС-нің екі басшысын ұстады. Ақшалай қаражат үшін олар медициналық ұйымға іс жүзінде бармай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын, денсаулық паспорттарын, санитарлық кітапшаларды, №086, 075у нысанындағы анықтамаларды және өзге де медициналық құжаттарды дайындаған.

Астана қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-тергеу іс-шаралары кешенін өткізу кезінде медициналық орталықтың 33 жастағы басшысын ұстады. Тінту барысында ұсталған адамнан ақшалай қаражат, елтаңбалық мөрлер, медициналық мөртабандар, медициналық анықтамалардан үзбелі түбіртектер байламдары, тіркеу журналдары, медициналық кітапшалар, мөрлері бар толтырылған аурухана парақтары тәркіленді.

Сондай-ақ елордадағы Әуезов көшесінде орналасқан медициналық орталықтың да басшысы ұсталды. Тінту барысында одан медициналық кітапшалар, аурухана парақтары, мөрлер тәркіленді. Клиенттер жұмысқа орналасу, көлік құралдарын басқару үшін жүргізуші куәлігін алу және басқа да қажеттіліктері үшін медициналық анықтамаларға тапсырыс бергені анықталды.