• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қараша, 2022

Теміртауда радикалдық дінді насихаттаған азамат 7,5 жылға сотталды - ҰҚК

239 рет
көрсетілді

Теміртау қаласында радикалдық діни идеологияны насихаттаған азамат 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2022 жылғы 21 қарашада терроризмді насихаттау фактісі бойынша Теміртау қаласының тұрғыны «Д.Ш.»-ға қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының айыптау үкімі заңды күшіне енді, деп жазылған ҰҚК Баспасөз қызметі.

Тергеу және сот оның жергілікті тұрғындар арасында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде радикалдық діни идеологияны таратқанын анықтаған.

Қылмыстық іс материалдарымен оның кінәсі толық дәлелденді. Азамат 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Айта кетейік, сотталушыда бұған дейін де ауыр қылмыс жасағаны үшін соттылығы болған.