• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 28 Қараша, 2022

Қазақстан-Ресей арасындағы сауда көлемі рекордтық деңгейге жетті

535 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, екі ел арасындағы экономикалық қатынастар жылдан жылға күшейіп келеді. Өзара тауар айналымы тұрақты түрде өсіп келе жатыр. Бірлескен жобалар іске асырылып, өзара есеп айырысу бағытында ұлттық валюталардың үлесі ұлғая түсті.

– Былтыр Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі жаңа рекордтық деңгейге – 24,5 миллиард долларға жетті. Биыл алғашқы 9 айдың қорытындысы бойынша тауар айналымының көрсеткіші 5 пайызға өсті. Ресейге шығарылатын қазақстандық экспорттың ассортименті жақсарды. Оның құны 100 мың доллардан асады. Өткен жылмен салыстырғанда тауар атауларының саны 640-тан 1050-ге дейін көбейді. Алматыдан Ресей өңірлеріне тауар жеткізу 2,5 еседен астам, ал Астанадан – 5 есе өсті. Шекаралас облыстар арасындағы сауда-саттық айтарлықтай жанданды. Мысалы, Ресейге Ақтөбе облысынан тауар жеткізу 48 пайызға, Павлодар облысынан 36 пайызға артты, – деді Президент.