Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Отырысқа қатысушылар теміржол жүк тасымалы нарығындағы жағдайды, жеке компаниялардың магистральдық теміржол желілеріне қол жеткізу мәселелерін, сондай-ақ ірі өңірлік электр станциясының жұмысын қарастырды.
Сонымен қатар Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органдарға қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлауға бірқатар лицензия берудің заңдылығын тексеруді жалғастыруды тапсырды.