• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қараша, 2022

Екібастұз тұрғындарына 1000-нан астам жылытқыш жіберілді

223 рет
көрсетілді

«AMANAT» партиясының мүшелері Екібастұз қаласының жылусыз қалған тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеше партияның Астана қаласындағы филиалынан гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігі жолға шықты. Аманаттықтар барлығы 1000-нан астам жаңа электр жылытқыштар, көрпелер, термостар және тағы басқа қажетті заттар жолдады.

«Партиялықтар Екібастұзда болған жағдайға алаңдап отыр. Аманаттықтар Арыстағы, Мақтааралдағы және Әулиекөлдегі оқиғалар кезінде зардап шеккен қазақстандықтарға көмектескен болатын. Бұл жолы да шет қала алмаймыз. Бүгін елордадан ең қажетті заттар – жылытқыштар, көрпелер жөнелтіледі. Бүгіннен қалмай бұл көмек Екібастұз тұрғындарына жеткізіледі», деп атап өтті «AMANAT» партиясы Астана қаласы филиалының атқарушы хатшысы Берік Жәкенов.

Екібастұзда волонтерлер штабы ашылды. «Жастар Рухының» белсенділері үй-үйді аралап жатыр. Мобильді бригадалар жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлер, мүгедектер, мұқтаж отбасылар туралы ақпарат жинауда. Сондай-ақ, партияның жастар қанатындағы волонтерлер апаттан құтқарушы бригадаларға ыстық тамақ ұйымдастыру жұмысымен де айналысып жүр.

Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының мүшелері, яғни Ерлан Саиров, Вера Ким, Артур Платонов, Жанарбек Әшімжан, Айгүл Нұркина, Дүйсенбай Тұрғанов, Анатолий Бойчин дәл қазір Екібастұз қаласының тұрғындарына жедел көмек көрсетіп жатыр.